Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Саралжын ауылы

Қ.Сағырбаев атындағы ЖОББМБ  физика пәнінің мұғалімі

Шолпан Мендигалиева

Мақсаты:

1. Оқушылардың  бойында  физикалық құбылыс- инерция туралы  ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, іскерлік  дағдыларын жетілдіру, физикалық құбылысьарды зерттеп, табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

2. Оқушылардың  білімге деген құмарлығын арттыру, физика  пәнін оқуға деген ынтасын, қызығушылығын арттыру, алған білімдерін өмірде   қолдана алу   дағдыларын дамыту.

3. Оқушылардың шығармашылық,танымдық белсенділіктерін арттыра  

отырып, өз өмірлерінің қауіпсіздігін сақтауға, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер,сот залының элементтері,слайдтар

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: театрландырылған сабақ

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

ІІ. Инерцияны айыптау театрландырылған көрініс

Хатшы: Тұрыңыздар!Сот келеді .

Бас төреші :Құрметті ханымдар мен  мырзалар ! Бүгін №1 «Инерцияны айыптау» ісі тыңдалады .Оның кесірінен  көптеген жол көлік апаттары орын алады . Яғни жарыстарда мотоцикл, велосипедтер бұзылады , теміржол вагондары  рельстен шығып , апатқа ұшырайды . Біз бүгін  айыптаушы жақтың куәгерлерімен  ақтаушы жақтың куәгерлерін тыңдап , әділ ,дұрыс шешім қабылдап , сіздерді сотталушыға  әділ жаза беруге  шақырамыз .

Айыпталушыны кіргізіңіз.

-          Айыпталушының  жеке басына қатысты деректемен  танысамыз .

-          Айыпталушы , Сіздің аты – жөніңіз?

Инерция: Физикалық инерция құбылысы

Бас төреші :Ата- анаңыз ?

Инерция: Галилео Галилей және Исаак Ньютон

Бас төреші :Сіздің өмірбаяныңыз ?

Инерция: Ежелгі грек оқымыстысы Аристотель  кез- келген дене сырттан  әрекет болмағанда , өзінің Жер мен салыстырғандағы  тыныштық күйін немесе бір қалыпты түзу сызықты  қозғалысын  сақтайды деп жазды . ол өзінің қолынан түскен тастың  неліктен өзінің қозғалысын жалғастыра  алатындығына  таңданып , жауабын таппады .

Бұл сұрақтың жауабын  2000 жыл өткен соң менің  дүниеге келуіме байланысты , ата- анам Италия ғалымы Г. Галилей    мен1678 жылы И. Ньютон нақты тұжырымдап берді .

Бас төреші: Сіз өзіңізді қалай  таныстыра аласыз?

Инерция:Денеге басқа денелер  әрекет етпесе , онда ол тыныштық күйінде болады немесе Жермен салыстырғанда түзусызықты бір қалыпты

қозғалады .Бұл екі жағдайда да  дененің  жылдамдығы өзгермейді .

Денеге басқа  денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы – инерция мен  боламын.

Бас төреші: Бас айыптаушы , айыпталушыға сұрақтарыңыз бар ма ?

 Бас айыптаушы: Жоқ

Бас төреші:Бас қорғаушы сіздің сұрағыңыз бар ма ?

Бас қорғаушы: Бас төреші ,менің  сізге сұрағым бар. Инерцияның ата – анасы  елге  белгілі ұлы ғалымдар Галилео Галилей және Исаак Ньютон екендігі  туралы деректер  қатерге алына ма ?

Бас төреші: Сот барлық деректерді қарайды .

Бас қорғаушы:Мұндай жағдайда  инерцияның ата – анасының  әлемге әйгілі еңбектері  ескеріліп ,  оның жазасы  жеңілдетіле ме ?

Бас төреші: Сот барлық деректерді ескереді .

Бас қорғаушы: Енді менің сұрағым жоқ .

Бас төреші: Айыпталушыға бақылаушылар тарапынан  сұрақтар бар ма ?

1-      бақылауш: Сіз кімге тәуелдісіз ?

Инерция:Барлық денелерге, абсолют барлығына тәуелдімін.

2-      бақылаушы : Сіздің қолданылу салаңыз ?

Инерция: Физика , техника  және өмір .

Хатшы :Бас төреші  , сотқа  келген жеделхаттармен таныстыруға болады ма ?

 Бас төреші:Рұқсат.

Хатшы: 1- жеделхат.Мен, ежелгі ұлы ойшыл Аристотель бұл сот процесін әділетсіз деп есептеймін.Инерция құбылысына таққан айыбыңыздың бәрін жоққа шығарамын.

2- жеделхат : Мен орта ғасырдың ұлы физигі Галилео Галилей сіздің сотыңызға бас ие отырып , табиғатта болып жатқан құпия құбылыстардың  ашылуының өзі   құрметке  лайық  деп ойлаймын . Кез- келген құпияны ашылуына  орай ғылым өз бағасын берсін. Достар және әріптесттер !Сіздерге сәттілік тілеймін .

3-жеделхат: Мен ағылшының ұлы физик – математигі  Сэр И.Ньютон Сіздердің табиғат заңдылықтарына деген  көз қарастарыңыздың  жан- дүниелеріңізді  өзгерткенініе ризамын .Таласыңдар !Осындай пікір таластан  механиканың алғашқы заңы -Инерция заңы  ғылым әлеміне жол ашады .

Бас төреші:Енді, бас айыптаушының куәгерлерінің  сөздерін тыңдайық .

1-куәгерді  шақырыңыз .

          1-куәгер : Мен бұрын- соңды  сотта болып көрмегендіктен  қатты толқып тұрмын . Бірақ , жолда болған оқйғаны көргесін ,шыдай алмай келіп тұрмын .Жолдан өтіп бара жатқан бір әйелді  үлкен «МАЗ» машинасы  қағып кетті . Маз машинасының  жүргізушісі тежегішті бассам да, инерцияның кесірінен  машинамды тоқта алмадым –деп ақталады . Бұл сұмдық қой ?!.

Бас төреші: 2-куәгерді  шақырыңыз.

2-куәгер: Мен спортты өте жақсы   көремін , теледидардан спорт туралы  корсетілімдерді  жиі қараймын.  Жақын арада  велосипедшілердің  жарысын қарап отырып, трасса бойында жатқан тасқа  соқтығысқан  велосипедшінің  рульден  әрі қарай ұшып  құлап түскенін , ал велосипедтің  трассада қалуының салдарынан  қалған  велосипедшілердің  инерцияның  болу  себебінен  біріне – бірі  соғылысып жарыстың  тоқтатылғанын көрдім . Жарыстың болмауына  инерция кінәлі – деп санаймын .

Бас төреші: Залда отырғандардан осы іске  үлкен жауапкершілікпен қарауды сұраймын . Себебі: айыпталушының әсерінен өмірде көптеген  адамдар зардап шеккендерін  көріп , естіп отырсыздар .

3-куәгер : Мен автобуспен  жұмысқа бара жатқанда,  жүргізуші  кенет  тешегішті  басып қалғанда жолаушылар  инерцияның  пайда болуынан  қозғалыстарын әрі қарай  жалғастырып , бірін – бірі итеріп  алға қарай құлағанына  куә болдым . Өзім алдымда  тұрған  ер адамның аяғын басып кетіп , одан ұрыс естідім . Бұл жерде  менің кінәм            жо қ .  Бұл  инерцияның пайда болуынан болды . Сондықтан  мен инерцияны айыпты  – деп есептеймін.

3-Куәгер : Менің әжем  аяғын сындырып алып  ауруханада жатыр  ,себебі : ол тайғақ жолда келе жатып ,  инерцияның әсерінен , оның аяқтары алға кетіп ,  денесін тез арада қозғай алмай  тайып жығылып , аяғын сындырды . Инерцияны  айыпты – деп санаймын .

Бас төреші:Залға бас қорғаушының  куәгерлері  шақырылсын .

Куәгер : Мен анама көмектесіп , кілемді таяқпен соғып қақтым сонда  кілем таяқтың  әсерінен  алға жылжып , ал шаңы инерцияның пайда болуына байланысты  жерге түсті . Егер де табиғатта  инерция  құбылысы болмаса ,  мен  кілемді шаңнан тазарта алмас едім .Инерцияны жазалмауыңызды сұраймын .

6 куәгер: өмірде инерция кұбылысының әсерінен велосипедшілер үнемі,педальін айналдыра бермейді.Жылдамдықтын мәнін арттырған сайын олар аяқпен жұмыстануды азайтып ,велосипед инерцияның салдарынан жүреді.Сондықтан инерция кінәсіз деп санаймыз.

Бас қорғаушы:Осы залда отырған жолдастар!Сотталушы,инерцияның сіздерге жасаған жақсылықтарын естеріңізге түсіріп,сол деректерді сотқа жария етіңіздер.

7-ші куәгер: Менің ағам ағаш шебері.Оның балғаның сабын балғаға кіргізген сәттерін көп көрдім.Ол сапты үстелге қатты ұрғанда,балға инерцияның әсерімен қозғалып сапқа дәл,әрі қолайлы кигізіледі.Мен инерцияны ақтауыңызды сұраймын.

8 ші куәгер:Мен спорттың ауыр атлетика саласының ядро лақтыру түрімен айналысамын.Инерцияөядроны алыс қашықтыққа лақтыруға көмектеседі.Инерцияның еш кінәсі жоқ!

Бас төреші:Сөз,бас айыптаушыға беріледі.

Бас айыптаушы:Құрметті сот!Қымбатты жолдастар!Біз,бүгін не үшін жиналдық! Сотталушының кінәсі айқын айтылды.Мен ақыл -есі дұрыс адамдардың,айыпталушыинерцияны қалай қорғап  тұрғанындарыңа түсінбеймін! Әрқайсысыңыз сотталушы инерцияның әсерін өз бастарыңыздан өткіздіңіздер!

Ал,осы отырғандарыңыз талай құлап,жарақат алдыңыздар!Өмірде болып жатқан автомобиль,ұшақ,кеме апаттары да инерцияның кінәсінен емес пе?!

Ал ,инерцияға ,қараңызшы! Ол ұялып отыр.Оның кесірінен барлық ауруханалар жарақатташуларға,толды.Оны тоқтату керек!Оның қатаң жазалауын сұрайймын!Менің сөзім бітті!

Бас төреші:Сөз,бас қорғаушыға беріледі.

Бас қорғаушы:Құрметті сот! Қымбатты жолдастар! Заң жүзінде инерцияның  кемшілігінен,жетістіктері көп. Жоғары да айьылған деректерден инерцияның тұрмыста да,техникада да кең тарағандығы көрінеді. Мысалға:жақсы жүргізуші инерция салдарынан 1 литр бензинді үнемдей алады. Жаяу жүргіншінің ұқыпсыздығынан , жолда жүру ережесін сақтамауынан ,қалың ойға кетуінен,алаңғасарлығынан,  инерция құбылысынан бар екендігін ескермеуінен  жол апаттары орын алуда. Бұған кінәлі инерция емес,жаяу жүргінші . Көшеде келе жатып ,соқтығысып қалғанадамдар инерцияны айыптайды,оған өздері кінәлі болса да. Ал инерция болса ,оларды дұрыс ұқыпты, аяқ астына сақтықпен қарауға үйретеді.Жоғарыда айтылған куәгерлердің сөздері бұған дәлел.Инерция спорттың  шаңғымен трамплиннен секіру, ядро лақтыру, садақ ату, жүгіру т.б. түрлерінде қолданыла отырып,әлемдік рекордтар жасайды.Мен сіздерді инерцияны қадірлеуге , оның табиғатта бар құбылыс екндігін ұмытпауға, әрдайым есте сақтауға шақырамын. Себебі, егер де инерция болмаса күнді айналып жүрген ғаламшарлар өздерінің айналу орбиталарынан шығып , Ай жерге құлап, Жер күнге соғылып , әлемді  қара түнек басар еді.

Құрметті сот! Сізден инерцияны ақтап,осы залда босатуыңызды сұраймын.

Бас төреші: Сот кеңесуге кетеді!

Хатшы:Тұрыңыздар! (сот кетеді!)

Хатшы:Тұрыңыздар!Сот келеді

Бас төреші:Біздің сот тез және әділ болды.Екі жақтыда ұқыпты тыңдап,сот мынадай келісімге келді.

Соттың шешімі:Сот айыпталушы инерцияға тағылған айытар мен оны қорғаушы жақтың деректерін ескере отырып,төмендегідей шешім қабылдайды.Инерция құбылысының пайдалы жақтары өмірде кең қолдана отырып ,зиянды жақтарының әсерінен азайту жолдарын табуды міндеттейді.Ол үшін адамдар физиканың заңдарын терең зерттеп,табиғаттың жасырын құпияларын ашып, оларды адамзат өміріне қызмет етуге қолдану қажет . Инерция ақталды, босатылсын.

Бас төреші:Сот мәжілісі аяқталды!

ІІІ. Сабақты қорытындылау.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ланина И.Я.  100 игр по физике: Кн.для учителя.- М.: Просвещение,1995.

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей орда ауданы