Механика курсы

1. Динамометр Жер полюсінде 10 Н күш көрсетіп тұр. Жер бетінен Жер радиусындай биіктікте орналасса, оның көрсетуі
2. Массасы 1 кг арбаша 3 м/с жылдамдықпен қозғалады. Оның эергиясын 2 есе арттыру үшін атқарылатын жұмыс
3. Орнынан қозғалған автомобиль 6 с ішінде жылдамдығын 36 м/с-ке жеткізді. Автомобильдің үдеуі
4. Массасы 10 кг денені 8 м/с2 үдеумен жоғары көтеру үшін қажет күш (g = 10 м/с2)
5. Еркін түскен дененің 6 с-тан кейінгі жылдамдығы (g = 10 м/с2)
6. Ғарышкемесінің Жер бетінен жер радиусына тең қашықтыққа алыстағандағы, жерге тартылу күші
7. Екі автомобиль бензоколонкадан қарама-қарсы жаққа қозғалды: біріншісінің жылдамдығы 60 км/сағ, екіншісінікі - 90 км/сағ Қозғалыс басталғаннан кейін 30 минуттан кейін олардың ара қашықтығы
8. Массасы 10 кг дене 20Н күштің әсерінен жылдамдығын 2 м/с-ге арттырса, күш әсері созылатын уақыт
9. Көтергіш кран салмағы 1000 Н жүкті 20 м биіктікке көтергенде, атқырылатын жұмыс
10. Дене ОХ осіне қарама-қарсы 36 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалады. Бастапқы координатасы 20 м. Дененің 4 с-тан кейінгі координатасы және осы уақытта жүрген жолы
11. Еркін түскен дене Жермен соғыларды жылдамдығы 30 м/с болса, құлау биіктігі (g = 10 м/с2)
12. Массасы 10 кг, жылдамдығы 36 км/сағ дененің кинетикалық энергиясы
13. Ғарышкеменің Жер бетінен 5Rжер қашықтығына алыстағандағы тартылыс күші
14. Оқушы резеңкені 45 Н күш жұмсай отырып 9 см-ге ұзартты. Егер 110 Н күш жұмсаса, резеңкенің ұзаруы
15. 10 Н күштің әсерінен серіппе 0,1 м-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығы
16. Массасы 100 кг, 60 км/мин жылдамдықпен қозғалатын зымыранның кинетикалық энергиясы
17. Пойыз жолдағы t уақыттың жартысын 70 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдығы
18. Оқтың бастапқы жылдамдығы 600 м/с, массасы 10 г. Егер траекториясының ең жоғарғы нүктесінде оның кинетикалық энергиясы 450 Дж болса, мылтық ұңғысынан көкжиекке қандай бұрышпен ұшып шыққан?
19. Автомобиль жолдың түзу сызықты бөлігінде тежеледі. Үдеу векторының бағыты
20. Дене 20 м/с жылдамдықпен вертикаль тік лақтырылды. Дененің құлау уақыты (g = 10 м/с2)
; [TESTME 2]